Ақтөбе облыстық соты

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай Қарғалы ауданына барып, халықпен кездесу өткізді

23/11/2017

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай қызметтік сапар барысында Қарғалы ауданынының Жосалы, Ащылысай, Степной және Қайрақты селолық округтерін аралап, онда аудан белсенділерінің қатысуымен халықпен кездесу өткізді.

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізеді

30/10/2017

Тұрғындардың сот қызметі жөнінде хабардар болуын, сот төрелігін жүзеге асырудың мәселелері бойынша азаматтармен диалогты жөнге келтіру, сот төрелігінің ашықтығын, айшықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Әкетай Мұратғали Абрарұлы  2017 жылдың 31 қазанда сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін интернет-конференция өткізеді.

Ақтөбе облыстық сотында судьялардың жалпы отырысы өткізілді

26/10/2017

Ақтөбе облыстық сотында судьялардың кезекті жалпы отырысы өтті, іс шара барысында ҚР Президентінің 20 қазан 2017 жылғы №564  Жарлығымен қайта тағайындалған аудандық соттың төрағалары мен судьялары таныстырылды. 

Тасымбетов Сейфулла Закарияұлы – Ақтөбе қаласының №2 сотының төрағасы қызметіне тағайындалды, сот жүйесіндегі еңбек жолын 2005 жылы Темір аудандық сотының судьясы қызметінен бастаған, сонымен қатар Әйтеке би, Мұғалжар аудандық соттарының төрағасы қызметтерін атқарған.

Ақтөбе облыстық сотында семинар өткізілді

07/03/2017

Ақтөбе облыстық сотында 28 ақпан 2017 жылы Қостанай облысы Амангелді аудандық соты ғимаратының сот отырысы залында неке бұзу туралы азаматтық ісін қарауда орын оқиға бойынша семинар өткізілді.

Ақтөбе облыстық сотында жалпы отырыс өтті

20/02/2017

Ақтөбе облыстық сотының сотының төрағасы Мұратғали Әкетай судьялардың жалпы отырысын өткізіп, онда жас судьялардың бір жылдық кәсіби жұмыстарына қатысты сұрақтар талқыланды.

Ақтөбе облыстық сотында Абдрахманов және басқаларына қатысты қылмыстық іс қаралды

12/01/2017

Ақтөбе облыстық сотымен сотталғандардың және олардың адвокат-қорғаушыларының апелляциялық шағымдарымен келіп түскен Абдрахманов және басқаларына қатысты Ақтөбе қаласында 2016 жылдың 5 маусымында орын алған лаңкестік оқиға  бойынша қылмыстық іс қаралды.

Аталған қылмыстық істі Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетайдың төрағалық етуімен сот алқасы қарады.

Қобда аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

12/01/2017

Қобда  аудандық сотымен 2016 жылдың  12   айында    атқарылған жұмысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Жиынға сот төрағасы  АТ.Анарбаев   және  жергілікті БАҚ өкілі  А.Егизбай    қатысты.

2016  жылы  12  айында    аудандық   сотымен  сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған

Қобда аудандық сотымен  2016   жылдың  12  айында      барлығы  118  адамға қатысты  99  қылмыстық іс,   377  азаматтық іс және  371   әкімшілік іс қаралған.

Ақтөбе облыстық сотында гендерлік саясаттың өзекті мәселелері талқыланды

27/12/2016

Ақтөбе облыстық сотында судьялар, облыс Әкімдігі жанындағы  әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдері, жергілікті полиция қызметі, «Мерейлім – Ақтөбе» қоғамдық бірлестігі, «Шынар» гендерлік білім беру орталығы, адвокаттар, медиаторлар қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясатының өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Беттер