8 наурыз мерекесімен құттықтау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құрметті нәзік жанды судьялар мен кеңсе меңгерушілері,

сот мамандары!

 

Сіздерді көктемнің айтулы мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын !

Бүгінгі бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір әйел-ананың аяулы алақанында. Азамат баласына тән қасиетті, сұлулық пен махаббат, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын шынайы рухына сіңірген ақ пейілді, дархан жүректі нәзік жандарымызға дүниедегі бар жақсылық атаулыны тілеймін.

Еліміздің мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының үлесі мол. Көктемнің осынау шуақты мерекесі көңіліңізді нұрға, жүрегіңізді жырға бөлесін.

Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Сондықтан, Сіздердің әрқайсысыңызға бұл ғажайып күні деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілеймін !

8 – Наурыз мейрамы құтты болсын !

  Игі тілекпен,

 Ақтөбе облыстық

сотының кеңсе басшысының м.а.                                  Әсет Ғалымжанұлы Мәмбетов

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі