Ақтөбе қаласының мамандырылған әкімшілік сотында баспасөз маслихаты өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік  сотының төрағасы А.Калмухамбетов жергілікті газет тілшісінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясында соттың 2016 жылдың 5-айында атқарған жұмыстары туралы мәліметтер берілді. Көрсетілген мерзімі ішінде сот өндірісіне барлығы 5376 әкімшілік іс түскен. 5161 әкімшілік іс қаралып, оның ішінде 4666 тұлғаға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылған. 2502  тұлғаға әкімшілік айыппұл салынып, мемлекет пайдасына 78 793 734  теңге өндіруге шешім қабылданған. Процессуалдық қарау мерзімі бұзылған істер болған жоқ.  Сонымен қатар, сот жүйесі имиджін көтеру мақсатында сот тұрақты негізде мемлекеттік және басқа ұйымдармен, БАҚ өкілдерімен кездесулер өткізіп келеді.                

Баспасөз-конференциясы барысында тілші өзін қызықтыратын сұрақтарына толықтай жауап алды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі