Ақтөбе қаласының мамандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Ақтөбе облысы судьяларының іс әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардан түскен шағымдарды қарау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3 тармағын және сот жүйесіне азаматтардың сенімін нығайту, ақпараттық қызметті жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 15 сәуір 2014 жылы «Ашық есік күні» өткізіліп, оған құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен Ақтөбе қаласының тұрғындары қатысты. Негізінен құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қойылған сұрақтар жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар  туралы болды. Келушілердің қойған сұрақтарына  толықтай жауаптар беріліп, олар сот қызметкерлерінің берген  жауаптарына өз жақтарынан  ризашылықтарын білдірді.

 

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі