Ақтөбе қалалық сотында Пиньейро Пизеллидің талап арызы бойынша азаматтық іс қаралуда.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Ақтөбе қалалық сотында Пиньейро Пиззелли Маркостың ««Ақтөбе» Облыстық Футбол Клубы» АҚ-дан еңбекақы, айыппұл, өсімпұлды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралуда.

         Талап арыздың мазмұнына сәйкес, 2014 жылғы 01 ақпанда Пиньейро Пиззелли Маркос пен ««Ақтөбе» Облыстық Футбол Клубы» АҚ арасында №343 Еңбек шарты жасалғаны анықталды.Еңбек шартына сәйкес, қызметкер сыйақы үшін «Кәсіби футболшы» лауазымында қызмет атқарады, ал жұмыс беруші қызметкерге уақтылы әрі толық көлемде еңбекақыны төлейді.

         2015 жылы жасақталған аталмыш Еңбек шарты бұзылған, алайда,  жауапкермен 2015 жылдың қараша, желтоқсан айларының еңбекақысы төленбеген.

Талапкер Пиньейро Пиззелли Маркос талап арызында соттан ««Ақтөбе» Облыстық Футбол Клубы» АҚ-дан еңбекақы бойынша 4 796 030 теңге, 58 432 361 теңге көлемінде айыппұл төлемі бойынша, еңбекақыны уақтылы төлемегені үшін 1 769 389 көлемінде өсімпұлды, іс бойынша өндіріспен байланысты барлық сот шығындарын өндіруді сұрады.

         Қазіргі таңда аталмыш  азаматтық іс қаралу сатысында.

 

         Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.