Қызметін талабына сай орындамағы үшін әкімшілік жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен  азаматша М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша,  Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің тексеру  актісі негізінде «Қобда аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Ропповка бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры азаматша М. лауазымды тұлға бола тура, ҚР білім саласындағы заңнама талаптарындағы кемшіліктерді жою туралы 15.10.2015 жылғы №17-нұсқамасы бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізу қорытындысына сай, өзі басқаратын мектеп мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша мектептің 4 сынып оқушыларының білім деңгейі тестілеу кезінде 70 пайызға жетпей, ережеге сәйкес болып табылмай, сол бойынша берілген заңды талаптар мен нұсқамаларды орындамаған.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы М. өз кінәсін толық мойындап, өкінді.

Сот азаматша М-ны Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып,  оған заңды тұлғаның жарғысында көзделген жекелеген қызмет түрі-негізгі бағдарламадан тыс қосымша ақылы қызмет көрсетуді екі ай мерзімге тоқтата тұрып, 15 айлық есеп көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі