Ақтөбеде сот жүйесінің үздіктері марапатталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-жылдығына арналған мерекелік шара өтті.

Салтанатты іс-шараны аша отырып, облыстық сот төрағасы Ерлан Айтжанов мемлекеттік мейраммен қатысқандарды құттықтап, негізгі Заңның мемлекет, қоғам және әр қазақстандықтың өміріндегі маңызын атап өтті.

Әрекет етуші Конституцияның егемен Қазақстанның өмірі мен қызметі жолында оның тірегіне ие болып, уақыт талабына сай адамдардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу кепілі екендігін айтты.

Салтанатты іс-шара марапаттау рәсімімен жалғасты.

Көп жылдық және жемісті жұмысы, сот жүйесінің дамуына маңызды үлесін қосқаны үшін төрағамен Ақтөбе облыстық сот және аудандық соттардың судьялар қатары  медальдармен, төсбелгілерімен марапатталды.

ҚР Жоғарғы Сотының Алғыс хатымен облыстық соттың судьясы Рахиля Мұхамбеткалиева, ҚР Судьялар Одағының Алғыс хатымен Әйтеке, Қобда және Мұғалжар аудандық соттарының төрағалары Асхат Әбдіров, Әбитхан Анарбаев және Сейфулла Тасымбетов марапатталса, Құрмет грамотасымен облыстық сот судьясы Жанна Әлішева мен Ақтөбе қаласы №2 сотының судьясы Разия Ахметова марапатталды.

Көп жылдық мінсіз және жемісті жұмысы үшін «Үш би» құрмет белгісімен облыстық соттың судьясы Руслан Жанисбаев, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен облыстық соттың судьясы Бағатай Ізтай және ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен Темір аудандық сотының төрағасы Аманғали Дошымбетов марапатталды.

Ұзақ жылдар бойғы сот жүйесінде мінсіз қызметі атқарғаны үшін «Сот жүйесінің ардагері» медалі судьялық лауазымда 27 жыл бойы қызмет атқарған облыстық соттың судьясы Балтабай Сабыров пен 37 жыл бойы сот жүйесінде қызмет тынымсыз еңбек атқарған облыстық соттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Күміс Қамбароваға табыс етілді.

Бұл күні жоғарыда аталған марапаттардан басқа, облыстың бірқатар судьялар мен сот қызметкерлері облыстық сот төрағасынан және ҚР Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының төрағасынан Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Мұндай бірқатар марапаттар судьялар мен сот қызметкерлерін жігерлендіріп, мерекелік көңіл-күйге ұласты.  

 

 Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

 

 

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі