Архив событий

05/03/2024

Судьялар «Адал азамат - Әділетті Қазақстан» атты семинарға қатысты

05/03/2024

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары Айгуль Абдуллина мен Асылхан Абилгазина Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Адал азамат - Әділетті Қазақстан» тақырыбында өткізілген іс-шараға қатысты.

Сот анасы мен баласы арасындағы алимент өндіру туралы дауды бітіммен аяқтады

05/03/2024

68-жастағы зейнеткер өзінің ересек ұлынан алимент өндіру туралы арызбен сотқа жүгінді.

Талап қоюшы зейнеткерлік жасында болуына, денсаулығының нашарлауына  байланысты күрделі ота жасатуға мүмкіндігі болмағандықтан, баласынан алимент өндіруді сұрады.

ҚР Неке  (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің  145-бабының 1,2 тармақтарына  сәйкес, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.

Студенттерге көрсетілім сот процессі өткізілді

05/03/2024

Ақтөбе қаласының №2 сотының судьялары Теміржан Алданов және Ақмарал Алиева қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша ашық сот отырыстарын өткізді.

Ашық сот отырысына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 1-2 курс студенттері қатысты.

Аталған іс-шараның басты мақсаты: студенттердің тәжірибеде сот отырысының тәртібімен танысу; әрбір қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екендігін түсіндіру.

Сот отырысында төрағалық етуші куәгерлердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, антты оқыған соң куәгерлерден жауап алды.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалардың толтыруда заңдылықты сақтау

05/03/2024

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық сотында «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалардың толтыруда заңдылықты сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы С.Танимова, судья А.Туремуратова, аудан прокуроры А.Үсенов аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті мемлекеттік қызметшілер арасында өткен спартакиада жеңімпазы атанды

05/03/2024

22-28 ақпан аралығында Ақтөбе қаласының 155 жылдығын тойлануына орай, мемлекеттік қызметшілер арасында қалалық спартакиада өтіп, онда 21 мемлекеттік мекеменің спортшы-қызметкерлері бағын сынады. 

Спартакиада 7 спорт түрлері бойынша өткізілді: қазақша күрес, тоғыз құмалақ, волейбол, мини-футбол, үстел теннисі, гір спорты және жүзу.

Толқумен және жауынгерлік рухмен жарысты бастаған сот қызметкерлері өздерінің жылдамдығын, төзімділігін пен табандылықты көрсете отырып, барлық спорт түрінен жүлделі орынды жеңіп алды. 

Студенттермен ашық сот процессі өтті

05/03/2024

2024 жылы 22 ақпанында Актөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ж.Сейтжапаровтың төрағалығымен, Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университеті студенттерінің катысуымен ҚР ҚК-нің 99 бабының 1 бөлігімен сотталушы К-ға қатысты қылмыстық іс бойынша ашық сот отырысы өткізілді.

Coт отырысында төрағалык етуші судья жәбірленушіден және куәгерлерден жауап алды.

Студенттермен кездесу

05/03/2024

Актөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы сот-мәжілісінің хатшысы Шынболат Ідірісов Құдайберген Жұбанов атындағы АӨУ Филология факультетінің 2 курс студенттерімен «Тілге құрмет-елге құрмет»тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Казакстан Республикасындағы Тіл туралы» заңы туралы егжей-тегжей айтып берді.

Сонымен қатар отандық сот жүйесінің жетістіктері, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жұмысы туралы атап өтті.

Есептілік саласындағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша кеңес өткізілді

05/03/2024

Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша есептілік саласындағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша кеңес өткізілді.

"Судья болу үшін қойылатын талаптар" атты ақпараттық семинар

05/03/2024

Ақтөбе қаласының №3 сотының төрағасы Қ.Т.Абдыхалыков пен судьясы Г.Д.Төлеген Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының әкімінің аппараты қызметкерлері арасында судья болу үшін қойылатын талаптар туралы ақпаратпен бөлісу үшін кездесу өткізді.

Спикерлер қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясын аяқтау арқылы не Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесіне біліктілік емтихандарын тапсыру арқылы судья болу мүмкіндіктерін түсіндіріп өтті.

Ақтөбе облысында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

05/03/2024

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды.

Қазакстан Республикасы Президентінің ағымдагы жылдың22 ақпанындағы Nº486 Жарлығымен Ақтөбе калалық сотының судьясы қызметіне Оразғалиев Аслан Сайлаубайұлы, Сыдықов Ақылбек Кенжалыұлы, Ақтөбе каласының Nº2 сотына Кусаев Аян Маратұлы, Ақтөбе каласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Көпенова Мира Аекенқызы, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына Берішбаев Қайрат Амангелдіұлы, Мұғалжар аудандық сотының судьясы болып Шонымов Азамат Арманұлы тағайындалды.