Сот анасы мен баласы арасындағы алимент өндіру туралы дауды бітіммен аяқтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

68-жастағы зейнеткер өзінің ересек ұлынан алимент өндіру туралы арызбен сотқа жүгінді.

Талап қоюшы зейнеткерлік жасында болуына, денсаулығының нашарлауына  байланысты күрделі ота жасатуға мүмкіндігі болмағандықтан, баласынан алимент өндіруді сұрады.

ҚР Неке  (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің  145-бабының 1,2 тармақтарына  сәйкес, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.

Сотта өткізілген татуластыру рәсімінің нәтижесінде тараптар дауды бітіммен аяқтауға шешім қабылдады.

Тараптармен қол қойылған бітімгершілік келісімге сәйкес, жауапкер өзінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз анасына ай сайын  41 АЕК, яғни  151 372 теңге мөлшерінде алимент төлеуге міндеттелді.

Соттың ұйғарымымен келісім бекітіліп, азаматтық іс тоқтатылды.

Источник: 
Ақтөбе қаласы №3 сотының баспасөз қызметі