Архив событий

15/03/2024

Жол көлік оқиғасынан келтірілген шығынды өндіру туралы дау медиация тәртібімен аяқталды

15/03/2024

Ақтөбе-Астрахань тас жолының бойында «Toyota» автокөлігі мен қараусыз, бақташысыз жүрген сиыр малымен соқтығыс орын алған.

Малдың иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, 34500 теңге айыппұл салынған.

Тараптар келтірілген материалдық зиянды өтеу мәселесі бойынша бітімге келмеген.

Тәуелсіз бағалаушының есебіне сәйкес, талап қоюшының көлік құралына 1 262 004 теңге көлемінде шығын келтірілген.

Жауапкер келтірілген шығынды ерікті түрде толтырудан жалтаруына байланысты, көлік иесі өз құқықтарын қорғау мақсатында сотқа жүгінді. 

Аудан әкімінің орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

15/03/2024

Әйтеке би аудандық сотында аудан әкімінің орынбасары К.-ға қатысты ішкі істер органдары қызметкерлерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды (ҚР ӘҚБтК 613-б., 4-б.). 

Іс материалдарына сәйкес, 09.03.2024 жылы К. «Jac» автокөлігін басқару кезінде полиция қызметкерлерімен тоқталған. Тәртіп сақшыларының белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындаудан бас тартты.

Сот теміржол пойызы жолаушыларының пайдасына моральдық зиян өндірді

15/03/2024

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Жүк Тасымалы» АҚ-нан жолаушылар пайдасына материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Ақтөбеден өліммен аяқталған ЖКО жасаған көлікжүргізушіге үкім шығарылды

15/03/2024

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында абайсызда 3 адамның өлiмiне әкеп соқтырғана жол қозғалысы ережелерін бұзды деген айыппен берілген «Ш»-ға қатысты үкім жарияланды.( ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі)