Жол көлік оқиғасынан келтірілген шығынды өндіру туралы дау медиация тәртібімен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе-Астрахань тас жолының бойында «Toyota» автокөлігі мен қараусыз, бақташысыз жүрген сиыр малымен соқтығыс орын алған.

Малдың иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, 34500 теңге айыппұл салынған.

Тараптар келтірілген материалдық зиянды өтеу мәселесі бойынша бітімге келмеген.

Тәуелсіз бағалаушының есебіне сәйкес, талап қоюшының көлік құралына 1 262 004 теңге көлемінде шығын келтірілген.

Жауапкер келтірілген шығынды ерікті түрде толтырудан жалтаруына байланысты, көлік иесі өз құқықтарын қорғау мақсатында сотқа жүгінді. 

Істі қарау барысында, сотпен дауды татуластыру рәсімдерін қолдана отырып шешуге болатыны, екі тарапқа да қолайлы шартты белгілеу мүмкіндігі жөнінде түсіндірме берілді.

Нәтижесінде, тараптар татуласып, дауды бітіммен аяқтау туралы келісімге қол қойды. 

Келісімге сәйкес, жауапкер белгіленген кестеге сәйкес талап қоюшыға 1 312 004 теңге келтірілген шығын мен моральдық зиянды төлеуге міндеттенді. 

Соттың ұйғарымымен келісім бекітіліп, іс тоқтатылды. Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Байғанин аудандық сотының баспасөз қызметі