Архив событий

26/03/2024

Сот Шалқар қаласында төбелескен бір топ жасөспірімнің ата-анасына айыппұл тағайындады

26/03/2024

Шалқар аудандық сотында кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды (ҚР ӘҚБтК-нің 434, 435 баптары).

2024 жылдың 18 наурызында Шалқар қаласындағы көшелердің бірінде бір топ жасөспірім төбелес шығарып, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіріп, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзды.

Сот отырысында ата-аналар мен олардың кәмелетке толмаған балдары жасаған ұзақ бұзақылықты толық мойындады.