Сот Шалқар қаласында төбелескен бір топ жасөспірімнің ата-анасына айыппұл тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды (ҚР ӘҚБтК-нің 434, 435 баптары).

2024 жылдың 18 наурызында Шалқар қаласындағы көшелердің бірінде бір топ жасөспірім төбелес шығарып, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіріп, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзды.

Сот отырысында ата-аналар мен олардың кәмелетке толмаған балдары жасаған ұзақ бұзақылықты толық мойындады.

Соттың қаулыларымен 14 пен 16 жас аралығындағы 7 жасөспірім ата-анасы 25 844 теңге, яғни 7 АЕК айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

16 жасқа толған 6 жасөспірім ата-анасына 36 920 теңге айыппұл салынды (бір іс бойынша отбасылық жағдайға байланысты айыппұл сомасы 30%-ға төмендетілді)

Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Шалқар аудандық сотының баспасөз қызметі