Архив событий

07/03/2024

Судьялар корпусы сот саласының ардегерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

07/03/2024

Мереке қарсаңында судьялар корпусы облыстық соттың атынан сот жүйесінің ардагерлерін құттықтады.

Ардагарелер қызмет атқарған кезеңдегі қызықты сәттерімен бөлісіп, ақыл кеңес бере отырып, құттықтауларға алғыстарын білдірді.

Ақтөбе облыстық сотында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты шара өтті

07/03/2024

Шұғылалы көктемнің мерекесі қарсаңында аяулы аруларымыздың халықаралық мерекесі - 8 Наурыз күніне арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік шара сот төрағасы Айдар Әскербекұлының құттықтау сөзімен басталды. Сот төрағасы әйелдер қауымына сот жүйесінің дамуына қосқан үлестері үшін ризашылығын білдіре отырып, өз сөзінде: «Бүгінгі тәуелсіз елімізде әйелдер тек бесікті тербетіп қана коймай, мемлекетіміздің игілігі жолында ерең еңбек атқарып, әлеуметіміздің барлық мәселелеріне белсене араласатын қоғам мүшесі» - деп олардың ерекше орнын атап өтті.