Ақтөбе облыстық сотында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты шара өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шұғылалы көктемнің мерекесі қарсаңында аяулы аруларымыздың халықаралық мерекесі - 8 Наурыз күніне арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік шара сот төрағасы Айдар Әскербекұлының құттықтау сөзімен басталды. Сот төрағасы әйелдер қауымына сот жүйесінің дамуына қосқан үлестері үшін ризашылығын білдіре отырып, өз сөзінде: «Бүгінгі тәуелсіз елімізде әйелдер тек бесікті тербетіп қана коймай, мемлекетіміздің игілігі жолында ерең еңбек атқарып, әлеуметіміздің барлық мәселелеріне белсене араласатын қоғам мүшесі» - деп олардың ерекше орнын атап өтті.

Сонымен қатар, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әлібек Ахметов, Судьялар Одағының Ақтөбе облысы бойынша филиалының төрағасы Нұрлыбек Ормаханов және облыстық соттың судьясы Малибай Косумбетов соттың нәзік жандарын құттықтарды.

Іс-шара барысында судьялар мен мамандарға сот төрағасы атынан, Судьялар Одағының атынан және департамент атынан алғыс хаттар берілді.

Салтанатты шара судьялар мен сот мамандары ұйымдастырылған мерекелік жиынмен жалғасты.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі