Сот теміржол пойызы жолаушыларының пайдасына моральдық зиян өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Жүк Тасымалы» АҚ-нан жолаушылар пайдасына материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Өткен жылдың тамыз айында азамат К. өзінің кәмелетке толмаған қызымен бірге «Атырау-Ақтөбе» бағыты бойынша пойызға теміржол билеттерін сатып алған. Вагонға отырғаннан кейін жолаушылар вагонның антисанитарлық жағдайда екені: лас, шаң, жуынуға арналған крандардан лас су ағып жатқанын анықтаған. Орындарды ауыстыру немесе басқа вагонға орналасу туралы өтінішке вагон бригадиры бас тартқан.

Талап қоюшы полиция қызметкерлерін шақырды, олар вагондағы санитарлық бұзушылықтардың фото видеожазбаларын алып кеткен.

Талап қоюшы өзінің және кәмелетке толмаған қызы лас сумен жуынуына және пайдалануына, лас вагонда ұйықтауына тура келгенін, олардың денсаулықтарына қауіп төнгенін көрсете келе, соттан билет құнын қайтаруды және моральдық залалды өндіруді сұрады.

Антисанитарлық жағдайлардың фактісі азаматтық іс материалдарымен, учаске басшысы мен нұсқаушыға қатысты қозғалған әкімшілік істермен расталады.

Талап қоюшылар қызметті тұтынушылар ретінде жауапкерден тиісті сапалы қызмет алуы тиіс. Көрсетілген бұзушылықтармен талап қоюшылардың тұтынушы ретінде құқықтары бұзылғандықтан, сот талап қоюшы мен оның кәмелетке толмаған қызының моральдық азап шегу дәрежесін, жауапкердің кінәсінің ескере отырып, моральдық зиянды өндіру туралы арызды қанағаттандырды.

Соттың шешімімен жауапкерден жолаушылардың пайдасына 100 000 теңге моральдық зиян және 200 000 теңге өкілдің көмегіне жұмсалған шығынды өндірілді.

Билет құнын өндіру туралы талапты сот қанағаттандырудан бас тарту қажет деген қорытындыға келді, себебі олар билет бойынша белгіленген орынға жетті, яғни тасымалдау шартының талаптары толық орындалды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі