Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті мемлекеттік қызметшілер арасында өткен спартакиада жеңімпазы атанды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

22-28 ақпан аралығында Ақтөбе қаласының 155 жылдығын тойлануына орай, мемлекеттік қызметшілер арасында қалалық спартакиада өтіп, онда 21 мемлекеттік мекеменің спортшы-қызметкерлері бағын сынады. 

Спартакиада 7 спорт түрлері бойынша өткізілді: қазақша күрес, тоғыз құмалақ, волейбол, мини-футбол, үстел теннисі, гір спорты және жүзу.

Толқумен және жауынгерлік рухмен жарысты бастаған сот қызметкерлері өздерінің жылдамдығын, төзімділігін пен табандылықты көрсете отырып, барлық спорт түрінен жүлделі орынды жеңіп алды. 

Қазақша күрес бойынша МАӘС пен Қобда аудандық сотының бас маманы-сотының хатшылары Тимур Әліқұлов және Азамат Қарасаев 1 орынға ие болды.

Тоғыз құмалақ ойынында Ақтөбе қаласының №2 сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Есенғазы Қаламқас 1 орынға иеленсе, Қобда аудандық сотының қызметкері Азамат Қарасаев 2 орынды жеңіп алды. 

Волейбол және мини-футболдан Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің командасы үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз аталды. 

Үстел теннис бойынша Департамент қызметкерлері Әлімжан Баяділов пен Эльмира Турлибаева 1 және 2 орынға ие болды.

Гір спортында Қобда аудандық сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы Азамат Қарасаев 1 орын алып, үздік атанды. 

Жүзу бойынша сот қызметкерлері жеңісті бермей, барлық жүлделі орындарға ие болды. 1 орынмен Гүлзия Мақсатқызы, 2 орынмен Асқар Мұхамбетқалиев және 3 орынмен Нұрбек Қарақұлов марапатталды.

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-мен ұйымдастырылған спартакиада жоғары деңгейде өтіп, салауатты өмір салтын насихаттау мен достық қарым-қатынасты нығайтуға өз септігін тигізді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі