Студенттерге көрсетілім сот процессі өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотының судьялары Теміржан Алданов және Ақмарал Алиева қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша ашық сот отырыстарын өткізді.

Ашық сот отырысына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 1-2 курс студенттері қатысты.

Аталған іс-шараның басты мақсаты: студенттердің тәжірибеде сот отырысының тәртібімен танысу; әрбір қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екендігін түсіндіру.

Сот отырысында төрағалық етуші куәгерлердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, антты оқыған соң куәгерлерден жауап алды.

Іс-шара соңында студенттер қылмыстық процестің негізгі алгоритмдерімен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын айтты.

Источник: 
Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі