Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалардың толтыруда заңдылықты сақтау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық сотында «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалардың толтыруда заңдылықты сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы С.Танимова, судья А.Туремуратова, аудан прокуроры А.Үсенов аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Сот төрағасы С.З.Танимова өзінің алғы сөзінде осы дөңгелек үстел әкімшілік заңнама нормаларын дұрыс қолдану және бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру, сондай-ақ,  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске (әрі қарай ӘҚБтК) енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға байланысты ұйымдастырылғанын атап өтті.

Сот төрағасы құқық қолдану практикасында туындайтын мәселелерге ерекше назар аударып, хаттама толтыру кезінде іс бойынша дәлелдемелерді жинау және тіркеу, құқық бұзушының іс-әрекетін ӘҚБтК-нің талаптарына сай сипаттау, әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық саралануы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдаудың заңдылығы, күдіктінің жеке басын анықтау, жеке тұлғаның алкольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйін анықтайтын медициналық куәландырудан өткізу кезінде, сотқа жолдау мерзімдері бойынша жиі жіберілетін кемшіліктерді атап өтті.

Шара соңында практикалық қолдану мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын жақсартуға бағытталған ұсынымдар жасақталды.      

                                                          

Источник: 
Ойыл аудандық сотының баспасөз қызметі