Судьялар «Адал азамат - Әділетті Қазақстан» атты семинарға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары Айгуль Абдуллина мен Асылхан Абилгазина Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Адал азамат - Әділетті Қазақстан» тақырыбында өткізілген іс-шараға қатысты.

Судьялар экономика және құқықтану факультетінің студенттерін судьяға қойылатын талаптармен, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясына түсу және  Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесіне құжат тапсыру тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларын түсіндіріп, әкімшілік сот ісін жүргізу ерекшеліктеріне тоқталды.

Шара соңында судьялар студентердің қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

 

Источник: 
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі