Архив событий

30/07/2014

Ақтөбе қаласының №2 сотында 2014 жылдың 6 айы корытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті

30/07/2014

2014 жылы 30 шілде  Ақтөбе қаласының №2 сотында 2014 жылдың 6 айы бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау және қоғамда қызығушылық тудырған істер бойынша баспасөз маслихаты өткізілді. Оған БАҚ өкілдері  ішінен: «Рика ТВ», «Қазақстан-Ақтөбе» ТРК АҚ «Қазахстан-Актобе» телеарналары мен «Актюбинский Вестник», «Керек INFO» газетінің тілшілері қатысты.

Қылмыстық іс медиация рәсімі бойынша қысқартылды

30/07/2014

Қобда аудандық соты  ҚР ҚК-нің 175  бабының 2 бөлігінің «В» тармағымен  азамат Б-қа қатысты қылмыстық  іс қаралды.

Іс бойынша, 2014 жылдың шілде айының 07 күні сотталушы аз.Б. Қобда ауданы Ақрап ауылынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан «Басықара» шаруа қожалығынан түн мезгілінде, үй ауласында орналасқан сарайға пайдакүнемдік мақсатпен заңсыз кіріп, құны 30 000 теңге тұратын бір бас қойды жасырын ұрлап, жәбірленуші аз.Б-ға жалпы құны 30 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Ойыл аудандық сотында «Сот кабинеті» электронды ақпараттық қызмет көрсету жүйесі арқылы электрондық талап арыз беру тәртібін түсіндіру жөнінде дөңгелек стол өтті

30/07/2014

2014 жылы 29 шілде күні  Ойыл аудандық сотында жергілікті атқару орган өкілдерінің қатысуымен ҚР ЖС сайтында орналастырылған «Сот кабинеті» электронды ақпараттық қызмет көрсету жүйесі арқылы электрондық талап арыз беру тәртібін түсіндіру жөнінде дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек столда Ойыл аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Г.Танкиева «Сот кабинеті» электронды ақпараттық қызмет көрсету жүйесі арқылы электрондық талап арыз беру тәртібі жөнінде баяндама жасап, түскен сұрақтарға толық және нақты жауаптарын берді.