Архив событий

23/07/2014

Тараптар медиациялық келісімге келді

23/07/2014

Ақтөбе қалалық сотында талапкер «А» АҚ-ның жауапкерлер аз.Ж. және аз.С. ақша өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысының барысында талапкер келісім шарт бойынша қызмет көрсеткені аңықталып, бірақ бережақты өтеу үшін жауапкердің бірнеше рет ескертілгенімен ескертуі нәтижесіз қалып, сол себепті талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Тараптар бітімгершілік келісімге келіп сот медиациялық келісімімен азаматтық істі қысқартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Ырғыз аудандық сотында брифинг өтті

23/07/2014

2014 жылдың 23 шілдесінде Ырғыз  аудандық сотында «Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» арқылы барлық хат-хабарларды қабылдау және жөнелту, сондай-ақ БААТЖ бағдарламасы арқылы тіркелген арыз-шағымдар бойынша іске қатысушыларға талон беру үрдісі туралы брифинг өткізілді. Осы шараға жергілікті «Ырғыз» газетінің тілшісі Т.Ақдаулетұлы  қатысты. 

Ішімдіктің салдары

23/07/2014

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша  К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Лауазымды адамға тіл тигізген

23/07/2014

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс материалдарына сәйкес азамат Б. 2014 жылғы 16 сәуір күні Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесіндегі пәтерінің ішінде, лауазымды адамдар – сот орындаушыларды қызметтік міндеттерін атқару кезінде себепсізден-себепсіз лас сөздермен балағаттап, ар-намысына нұқсан келтіріп, күш қолданған, сөйтіп азамат Б. ҚР ӘҚБтК-нің 529 бабының 1 бөлімімен көзделген заң талаптарын  бұзған.