Архив событий

29/07/2014

Ойыл аудандық сотында қабылданған қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің негізгі новеллалары мен ережелерін және азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

29/07/2014

2014 жылғы 28 шілде күні Ойыл аудандық сотында аудандық прокуратурасымен бірігіп жаңа қабылданған қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодекстердің негізгі новеллалары мен ережелерін біркелкі және дұрыс қолдану жөнінде және азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасын талқылау бойынша жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Төлемдерді төлеу бойынша шектеулерді бұзу

29/07/2014

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен «Б» ЖШС-не қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 203-бабы негізінде әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек, 17.04.2013 жыл – 26.04.2013 жылдар аралығында азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша «А» ЖШС-нің пайдасына қолма-қол 8200000 теңге көлемінде төлемдер төлеген, яғни төлем 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асып кеткен.

Сот, құқық бұзушылықтың сипатын, қоғамға қауіптілігін ескеріп, «Б» ЖШС-не төлем сомасының 5 % көлемінде, яғни 410000 теңге әкімшілік айыппұл тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Тіркеу мерзімі бұзылды

29/07/2014

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотымен аз. М. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот актісін орындамау үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған

29/07/2014

Мәртөк аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 524 бабына сай аз.И. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Мәртөк аумақтық сот орындаушысымен толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасына сай, борышкер аз.И. 03.11.2009 жылғы Мәртөк аудандық сотының кәмелетке толмаған пайдасына нәпақа өндіру туралы сот бұйрығын орындау жөнінде атқару іс өндірісі бойынша борышкер бола тұра өндіруші аз.А-ға ¼ мөлшемде нәпақа төлемеген, осыған байланысты борышкер өндірушіге 527 016 теңге бережақ пайда болған, сонымен ҚР ӘҚБтК-нің 524 бабымен көзделген құқық бұзушылық жасаған.

Ырғыз аудандық сотында жаңа қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару кодекстері мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі негізгі жаңалықтары туралы дөңгелек үстел өтті

29/07/2014

Ырғыз аудандық сотында  құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі іс-қимылдардың бірыңғай мемлекеттік жоспарын іске асыру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға Ырғыз ауданы прокурорының көмекшісі Р.Саркулов, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысының орынбасары С.Кенжебаев, сот мамандары мен ІІБ-нің қызметкерлері қатысты.

Бітімгершілік келісім

29/07/2014

Шалқар аудандық сотында талап қоюшы аз.Б. жауапкер А. 15 000 теңге өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Алқабиге үміткерлердің кесірінен сот талқылауы басталмаған қылмыстық іс

29/07/2014

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде алқабилердің қатысуымен ҚР ҚК-нің 96 б, 2 б, «е»т, 24 б 3 б - 96 б, 2 б «а» т, 251 б,  1 б., айыпталған аз.С. қатысты қылмыстық ісі қаралуда. Екі апта бойы сот тергеуі және сот жарыс сөзі өткізілген соң, судья алқабилермен бірге үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Алайда, кеңесу бөлмесінде бір алқабидің үкім шығаруға қатыса алмайтындығы белгілі болып, оны қосалқы алқабимен ауыстыруға  мүмкіндік жойылған.