Архив событий

25/07/2014

Сөз байласқан ұрлық

25/07/2014

Ақтөбе қаласының №2 сотының өндірісінде ҚР ҚК-нің  24 бабының 3 бөлімімен, 175 бабының 2 бөлімінің «а, б, в», 255 бабының 3 бөлімінің «г» тармағымен сотқа берілген аз.А. және аз.Л. деген азаматтарға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Мұнай өнімдерін жалған құжатпен өткізу

25/07/2014

Ақтөбе  қаласының №2 сотының өндірісінде ҚР ҚК-нің  183-1 бабының 2 бөлімінің «а» тармағымен, 325 бабының 3 бөлімімен, 193 бабының 3 бөлімінің «в» тармағымен сотқа берілген аз.И. деген азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына қарағанда: 2011 жылдың маусым айы мен 2012 жылдың қыркүйек айы аралығында аз..И, қылмыстық іс-әрекетке барған, қайталанатын мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз ірі мөлшерде сақтауды жүзеге асырып, бірнеше рет құжатсыз мұнай өткізуді іске асырып, сақтаған.

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Шалқар ауданының азаматтарын онлайн режимінде қабылдады

25/07/2014

24 шілде 2014 жылы Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Жұмаханұлы Айтжанов бейне-конференция байланысы арқылы Шалқар ауданының азаматтарын онлайн режимінде қабылдады.

Облыстық сот төрағасымен үшінші рет өтетін онлайн кездесу жөнінде алдын ала құлақтандырылып, осыған орай, бұл кездесуге төрт адам келіп, аудандық соттың ғимаратында облыстық сотпен бейне-конференция байланысы арқылы қабылдауда болды.

Сот жүйесіндегі  заманауи технологияларды пайдаланып,  онлайн-режимі арқылы жеке қабылдау ұйымдастыру азаматтардың тарапынан оң бағаланды.

Жылжымайтын мүліктің тіркеу мерзімі бұзылған

25/07/2014

Темір аудандық сотында ҚР ҚК-нің 354-3 бабымен қарастырылған аз.С. қатысты әкімшілік іс қаралды.  

Іс құжаттарына сәйкес,  аз. С. 2014 жылғы 26 маусымда жергілікті уақыт сағат  Темір ауданы Шұбарқұдық кентінде, жылжымайтын мүліккке құқықтарды тіркеуге берудің белгілеген мерзімін бұзып, соның ішінде 2007 жылғы 03 қазандағы №38 Шұбарши кенттік округі әкімінің шешімін уақытында тіркемей, қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Бітімгершілік шарт бегітілген

25/07/2014

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер "W-O" ЖШС-гі жауапкер  "КГ" ЖШС-нен  қарыз өндіру туралы азаматтық іс қаралды

Талапкер "W-O" ЖШС-гі жауапкер  "КГ" ЖШС-нен қарыз өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сот отырысы барысында тараптар бітімгершілік келісімге өтініш білдірді.

Тараптар бітімгершілік шартты қабылдап, азаматтық өңдірісті тоқтатуды сұрады.

Сот тараптарға бітімгершілік шарт жасасудың зардабын ҚР АІЖК 49, 193, 247, 248 баптарымен ескерту жасады.