Архив событий

21/07/2014

Тараптар бітімгершілік келісімге келді

21/07/2014

Ақтөбе қалалық сотында талапкер аз.С. жауапкер «ОБ» ЖШС-не пәтерді қабылдау-тапсыру актісімен жеке меншікке беруді міндеттеуді және 696 000 мың теңгені айыппұл  ретінде өндіру туралы азаматтық ісі бітімгершілік келісіммен аяқталды.

Сот отырысында тараптардың арасындағы тұрғын пәтерге сатып-алу шарты болғаны  анықталды, талапкер пәтердің құнын 100 % өлшемдерін  төлеген, алайда жауапкер шарттын орындау мерзімі өтседе өз міндетін орындамаған, сол себепті талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болды.

Жалған шарттар

21/07/2014

Ақтөбе қаласының №2 сотының өндірісінде ҚР ҚК-нің  28 бабының 2 бөлімімен, 183-1 бабының 2 бөлімінің «а» тармағымен, 28 бабының 2 бөлімі-325 бабының 3 бөлімімен, 193 бабының 3 бөлімінің «в» тармағымен сотқа берілген Т. және С. деген азаматтарға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бітімгершілік келісім бекітілді

21/07/2014

Мәртөк аудандық сотында талапкер аз.П. жауапкерлер аз.У мен аз.М-ға көлік жол оқиғасынан шыққан нұқсан сома өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Мекемеге материалдық зиян келтірген

21/07/2014

 Мәртөк аудандық сотында ҚР ҚК-нің 175 бабының 2 бөлігіне сай  аз «У»-қа және аз. «А» қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс бойынша  Мәртөк ауданы Хлебодар ауылында 2013 жылы шілде айында сағат 14-30 шамасында, сотталушы аз.У. аз.А-мен алдын ала сөз байласып, қасақана ұрлық жасау, өз пайдасын көру мақсатында «Н» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ауласында жатқан 29 темірлерді ұрлаған, кейін сол күні кешкі сағат 19-00 сотталушы аз.У.

Сот шешімін орындамаған

21/07/2014

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы тұрғыны А.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 524-бабы негізінде әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек, А. борышкер бола тұра, 28.08.2012 жылғы қозғалған атқару өндірісі бойынша 22.02.2012 жылғы Мұғалжар аудандық сотының шешімінің талабына сәйкес бережағын төлемеген, яғни сот актісін орындаудан жалтарған.

Судья, құқық бұзушылықтың сипатын, қоғамға қауіптілігін ескеріп, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

21/07/2014

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 111-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған Ж. есімді азаматшаға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжлісінде келесі мән-жайлары анықталды.

Әйтеке би ауданының тұрғыны Ж. есімді азаматша өзінің тәрбиесінде бес жасар қызы бола тұрып, оны үшінші топтағы мүгедек анасына тастап кеткен. Белгісіз себептерден ол Ақтөбе қаласына кетіп қалып, 8 ай үйінде болмаған. Бес жасар А.-ның әжесі арыз жазуға мәжбүр болған.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

21/07/2014

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 111-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған Ж. есімді азаматшаға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжлісінде келесі мән-жайлары анықталды.

Әйтеке би ауданының тұрғыны Ж. есімді азаматша өзінің тәрбиесінде бес жасар қызы бола тұрып, оны үшінші топтағы мүгедек анасына тастап кеткен. Белгісіз себептерден ол Ақтөбе қаласына кетіп қалып, 8 ай үйінде болмаған. Бес жасар А.-ның әжесі арыз жазуға мәжбүр болған.

Мәртөк айдандық сотында медиация туралы дөңгелек үстел өткізілді

21/07/2014

 2014 жылдың  18 шілде айында Мәртөк аудандық сотында сот қызметкерлердің, аудандық прокуратурасының өкілі, қорғаушылар мен Мәртөк ауданы бойынша кәсіпқой емес медиатор қатысуымен медиация тақырыбында дөңгелек үстел өткізілген. Дөңгелек үстелде медиация әдісін қолдану, медиация тәртібі бойынша туындаған сұрақтар мен кәсіби медиаторлардың ақыларын төлеу туралы сұрақтар талқыланған.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келденде сот төрағасы қатысуышыларға алғысын айтып, "Медиация" дамуын маңыздылығын айтып кетті.