Архив событий

17/07/2014

Мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына қасақана-әдейі бағынбаған

17/07/2014

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Ю.Н.Сластинге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Ю.Сластин бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүріп, қылмыстық атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына мойынсынбаған, сөйтіп, ҚР ҚК-нің 360 бабының  1 бөлігімен  көзделген қылмыс жасаған. Сот, сотталушы Ю.Сластинді  кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚР ҚК-нің  60 бабының  негізінде түпкілікті 3 жыл 10 айға бас бостандығынан айыруға үкім етті.        Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

 

 

 

 

Бөтен біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау

17/07/2014

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес азамат Е. 2014 жылдың  06 сәуірінде «Т» сауда үйінен  құны 40 000 теңге тұратын «К N А» ЖШС-не тиесілі «Samsung Galaxy Star» ұялы телефонын жасырын алып шыққан, яғни ол бөтеннің мүлкін ұрлық жолымен иеленген, сөйтіп ол ҚР ӘҚБтК-нің 136 бабының 1 бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Ол, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136 бабының 1 бөлімі бойынша  кінәлі деп танылып, оған осы бап  бойынша  9260  теңге айыппұл салынды.

Қасақана жасалған қылмыс

17/07/2014

Хромтау аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 103 бабының 3 бөлімімен айыпталған 1995 жылы Ақтөбе облысы Хромтау ауданында туған, бұрын сотталмаған, М-ге қатысты қылмыстық ісі қаралған.

Мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына қасақана-әдейі бағынбаған

17/07/2014

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Ю.Н.Сластинге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Ю.Сластин бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүріп, қылмыстық атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына мойынсынбаған, сөйтіп, ҚР ҚК-нің 360 бабының  1 бөлігімен  көзделген қылмыс жасаған. Сот, сотталушы Ю.Сластинді  кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚР ҚК-нің  60 бабының  негізінде түпкілікті 3 жыл 10 айға бас бостандығынан айыруға үкім етті.        Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

 

 

 

 

Медиация рәсімі бойынша іс өндірістен қысқартылды

17/07/2014

Қобда аудандық соты  күні талапкер К-ның. жауапкер А-ға берген қарыз ақшасын  өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс  қаралды.

Талапкер жауапкер А-дан 18 000 теңге бережақ ақшаны өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында дөңгелек үстел өтті

17/07/2014

 Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында ағымдағы жылдың 16 шілдесі күні жоспардан тыс, «Қамау жазасы қарастырылған әкімшілік істерді қарауға қатысты туындаған сұрақтарды талдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған сот төрағасы М.Е.Байжанов, Ақтөбе облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық алқасының судьясы Е.М.Жапаров, Ақтөбе қалалық прокурорының, Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасының өкілдері, осы басқарманың Сазды, Зауыт, Заречный, Елек полиция бөлімдерінің инспекторлары қатысты.

Ырғыз аудандық сотында баспасөз маслихаты өтті

17/07/2014

Ырғыз аудандық сотында  2014 жылдың  16 шілдесінде   аудандық «Ырғыз» газетінің редакторы М.Мырзалының қатысуымен баспасөз маслихаты өтті.  Баспасөз маслихатында сот төрағасы А.Бисенгали соттың 2014 жылдың 1 жарты жылдығында  атқарған жұмыстары туралы ақпараттар беріп, сот әділдігінің жүзеге асырылуы жайлы қаралған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

Ырғыз аудандық сотында брифинг өтті

17/07/2014

Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде Ырғыз аудандық сотының ғимаратында «Ырғыз» аудандық газетінің редакторы М.Мырзалының  қатысуымен брифинг өтті.  

Брифингте  Ырғыз аудандық сотының судьясы С.Махамбетов 2014 жылдың 1 жарты жылдығында ҚР ӘҚБТК-нің  330 бабымен қаралған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша ақпарат берді.

Судья, статистикалық мәліметтерге тоқталып өтіп, үстіміздегі жылы  ұсақ бұзақылық  бойынша қаралған істер өткен 2013 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда артып отырғанын айтып, тілшінің  қойған сұрақтарына жауап беріп, брифингті қорытындылады.  

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында Ашық есік күні өтті

17/07/2014

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының ғимаратында ағымдағы жылдың 16 шілдесі күні Ақтөбе облыстық сотының сот жүйесіне азаматтардың сенімін нығайту, ақпараттық қызметті жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ашық есік» күні өтті.

Аталған шараға келушілердің өздерін мазалған, атап айтқанда отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтарға және уәкілетті органдардың лауазымды тұлғаларының істі жасақтау барысында кездесетін түсініспеушіліктеріне байланысты қойған сұрақтарына сот төрағасы мен судьялар толықтай жауап берді.