Архив событий

22/07/2014

Мұғалжар аудандық сотында брифинг өтті

22/07/2014

2014 жылғы 22 шілдеде Мұғалжар аудандық сотында «Жаңа ҚР ҚК, ҚІЖК негізгі новеллалары» атты тақырыпта брифинг өтті.

Оған судья А.Е.Мусина, кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Шонкина және аудандық «Мұғалжар» саяси-қоғамдық газетінің өкілі Ж.Айтжан қатысты.

Брифинг барысында жаңа ҚР Қылмыстық Кодексінің және Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің негізгі новеллалары туралы түсіндірілді.

БАҚ өкілдері тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді. Шара соңында, судья өзара ықпалдастық үшін тілшіге өз алғысын білдірді.

Мұғалжар аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

22/07/2014

2014 жылдың 21 шілдеде Мұғалжар аудандық сотында сот төрағасы С.З.Тасымбетов 2014 жылдың 6 айында аудандық сотта атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

 Баспасөз мәслихатына аудандық «Мұғалжар» саяси-қоғамдық газетінің өкілі Ж.Айтжаның қатысуымен өткізілді.

Тараптар татуласқан

22/07/2014

Қобда аудандық соты ҚР ҚК-нің 175  бабының  2 бөлігінің «в» тармағымен, 20 жастағы азамат Т- ға қатысты қылмыстық  істі қарады.

 Іс бойынша, 2014 жылы 26 маусым күні сотталушы Т. Қобда ауданы Терсаккан ауылында орналасқан жәбірленуші С-тың иелігіндегі құрылыс ғимаратының қоймасына басып кіру жолымен, бөтен мүлігін ұрлау мақсатында, жалпы құны 9000 теңіге тұратың 3 қапшық арпаны жасырын түрде ұрлаған. Сөйтіп сотталушы Т. жәбірленуші С-ға барлығы  9 000 теңгеге материалдық шығын келтірген.