Архив событий

09/07/2014

Шалқар аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

09/07/2014

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тапсырма хатына сәйкес  Шалқар аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 250-бабының талаптарын біркелкі және дұрыс қолдану туралы, сонымен бірге сот шешімдерінің орындалуы туралы, Астана күні мен Сот медиация тақырыбы бойынша  баяндамалар жасалды. 

Қасақана құқықбұзушы

09/07/2014

Шалқар аудандық сотында аз.Ж. қатысты әкімшілік іс қаралды. Істің мәні бойынша аз.Ж.есімді азамат көлік құралын жүргізу құқығынан Ақтөбе қалалық  мамандандырылған әкімшілік сотының 08.09.2011 ж.

Қызмет мүдделерін пайдаланып, қылмыс жасаған

09/07/2014

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігі «г» тармағымен, ҚР ҚК-нің 307 бабының 2 бөлімімен сотталған аз.Е. қатысты қылмыстық іс қаралды. Істің мәні бойынша, сотталушы аз.Е.

Полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде бағынбаған үшін

09/07/2014

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында аз.М. қатысты әкімшілік  құқық бұзушылық туралы әкімшілік іс қаралды. Істің мәні бойынша, ол 13 маусым 2014 жылы сағат 02-лер шамасында Ембі қаласындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан «Үш қатта» дүкенінің алдында, қоғамдық жерде полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде оларыдң заңды талаптарына қасақана бағынбай, қарсылық көрсетіп, ұсақ бұзақылық жасаған. Осы жайт бойынша  ҚР ӘҚБтК-нің 355 бабының 2 бөлімімен  әкімшілік іс қозғалып, сотта қаралды.

Бөтен мүліктің ұсақ ұрлығы

09/07/2014

Ойыл аудандық сотымен аз.Х. қатысты әкімшілік іс қаралды. Істін мәні бойынша Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Амангелді  ауылында 2014 жылғы 24 маусым күні сағат таңғы 06.00 шамасында, осы ауыл тұрғыны Х. бір топ адамдар қатысып, пайда көру мақсатында, құрылыс объектісінен «БҚ» ЖШС-не тиесілі 5 дана тақтай, 2 дана өлшегіш, 1 дана қалақты ұрлық жолымен ұсақ-түйектеп ұрлап, «БҚ» ЖШС-не 10 617 теңге материалдық залал келтірген.

Есірткіні жеке пайдалануға сақтаған

09/07/2014

Хромтау аудандық сотында ҚР ӘҚБК-нің 320 бабының 1 бөлімі бойынша Азербайджан Республикасы Евлах қаласында 1959 жылы туған, М-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ұсақ ұрлық

09/07/2014

Хромтау аудандық сотында ҚР ӘҚБК-нің 136 бабының 1 бөлімі бойынша 1990 жылы Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Абай ауылында туған, Е-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік істің мәні бойынша, 2014 жылдың  сәуір айының 15-ші жұлдызында 22-сағат 00 минуттер шамасында, Е. Хромтау қаласында орналасқан «Жастар» шахтасы күзет аумағынын САМСА №2 маркалы автокөлігімен шығып бара жатып Белаз маркалы автокөлігінің бір фаран ұсақ түйектеп ұрлап, Дөн Тау Кең байыту комбинатына материальдық шығын келтірген.

Сот мәжілісінде Е. өзінің кінәсін толығынан мойындады.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапкершілік

09/07/2014

Қобда аудандық сотымен 2014 жылдың 01 шілдесінде ҚР ӘҚБтК-нің 330-бабының 2-бөлігімен  азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, 2014 жылдың 29 маусымында сағат 20.30 шамасында, Ш. Қобда ауылы Ә.Молдағұлова көшесі бойында қоғамдық орында арақ ішкен мас күйінде темекінің бос қорабын жерге лақтырып, ұсқ бұзақылық жасаған.

Сот Ш-ны Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 330-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартып, оны 5 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.