Архив событий

18/07/2014

Ақтөбе қалалық сотында брифинг өткізілді

18/07/2014

2014 жылдың 17 шілдесінде Ақтөбе қалалық сотында Ақтөбе қалалық прокурорының арызы бойынша ақпараттық материалдарды экстримистік деп тану туралы азаматтық ісі бойынша брифинг өткізілді, аталған шараға жергілікті «Рика ТВ» телеарналарының өкілдері қатысты. 

Ақпаратты Ақтөбе қалалық сотының судьясы И.А.Буйваренко, және БАҚ өкілдерімен  жұмыс  жасайтын жауапты маман А.Нугаева берді.

Шалқар аудандық сотында құқық қорғау органдарының өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел өтті

18/07/2014

Шалқар аудандық сотында  құқық қорғау органдарының өкілдері қатысуымен қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі іс-қимылдардың бірыңғай мемлекеттік жоспарын іске асыру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Шалқар аудандық прокурорының көмекшісі Ж.Аманжолов, Шалқар аудандық ішкі істер бөлімінің басшысының орынбасары Б.Картеменов, Шалқар аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі Н.Қойшығұл мен анықтаушысы Н.Сулейменов қатысты.