Архив событий

03/07/2014

Сот жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген материалдық залалды өндірді

03/07/2014

Ақтөбе қалалық сотында Г.-ның К.-ге жол көлік оқиғасымен келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.  

Азаматтық іс материалдарынан 2013 жылдың қараша айында Әкімжанов көшісінде К.-нің, Я.-ның, М.-ның қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алғандығы анықталды.

Ақтөбе қаласының Мамандандырылған Әкімшілік Сотының қаулысымен жауапкер К. әкімшілік жауапкершілікке тартылған, соттың қаулысы заңды күшіне енді.

Шалқар аудандық сотында Астана күніне арналған жиналыс өткізілді

03/07/2014

02.07.2014 жылы Шалқар аудандық сотында  сот қызметкерлерінің қатысуымен Астана күніне арналған салтанатты түрде жиналыс өткізілді. Жиналыста аудандық соттың төрағасы О.Ә. Бақтыгереев Астана күні мен тәуелсіз еліміздің қалыптасу кезеңіне байланысты баяндама жасады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының арқасында елордамыз бүгінгі таңда елдің төрі - барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналғанын, жас астананың өзiндiк дәстүрi мен тарихы тереңнен басталатынын, әлемдiк архитектураның үздiк үлгiлерi бойынша тұрғызылған тұғырлы қала екенін айтып өтті.

Мәміле жарамды деп танылды

03/07/2014

Ырғыз аудандық сотында талапкер Ж. жауапкерлер Ы., Б. ауызша мәмілені жарамды деп тану, сатып алу - сату туралы 18.06.2014 ж. шартты жарамсыз деп тану туралы және талапкер Ы. жауапкер Ж. ауызша мәмілені жарамсыз деп, сатып алу - сату шартты жарамды деп тану туралы қарсы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Шалқар аудандық сотында семинар сабақ өткізілді

03/07/2014

02.07.2014ж.  Шалқар аудандық  сотында  сот қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне, соның ішінде  қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы семинар сабақ өтті.

Баяндамамен сөз сөлеген бас маман А.Болысбай осы тақырып бойынша сот қызметкерлеріне кеңірек түсіндірме жасады.