Жәбірленуші айыпталушыны кешірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотында аз. Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес,  аз.Б. 2014 жылы қаңтар айының 13 күні, жергілікті уақыт сағат 21-00 шамаларында үйінен темір алып, бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау мақсатында, аз.К-ға тиесілі Қарақұдық ауылы, Степная көшесінде орналасқан қойманың қасына келіп, есіктегі ілініп тұрған құлыпты сындырып, заңсыз ішіне кіріп, біреуінің құны 100 тенге тұратын екі 50 килограмдық  қапты жасырын ұрлап, ол қаптарды бір килограмы 100 тенге тұратын, жалпы алғанда бағасы 10000 теңгені құраған тарымен толтырып, жәбірленуші аз.К-ға құны 10200 теңгеге материалдык зиян келтіріп, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Соттың қаулысымен ҚР ҚК-нің 175-бабының 2–бөлігі «В» тармағымен айыпталған аз.Б.-ға қатысты қылмыстық іс сотталушының жәбірленушімен татуласуы себепті қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.               

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі