Жалған хабарлама

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2  сотында ҚР ҚК-нің 242 бабымен сотқа берілген аз.Д. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжатарға сәйкес, аз.Д. 2014 жылдың  20 сәуір айында, жергілікті уақытпен 20 сағат, 27 минут шамасында, Ақтөбе қаласы, Темір жол басқармасының ғимаратының жанында, А.Молдагулова даңғылымен Ағайынды Жұбановтар көшесінде, алкогольдік етілу жағдайында, террористік мақсатпен жалған ақпарат берген, аталған жерде тұрған азамат Е.-ң «Самсунг С200» маркалы ішінде «Билайн» сим карталы, ұялы телефонымен «Мега-Актобе»сауда ойын-сауық кешеніндебомба қойылғандығы жөнінде жалған ақпарат түсірген, №102-ге Ақтөбе облыстық ІІД-не қоңырау шалған. Ақтөбе облыстық ІІД-нің, Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар Департаментінің, өрт сөндіру және авариялық құтқару бөлімінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаментінің, қалалық желілік жедел жәрдем қызметкерлерін жаңылыстырып, жалған ақпараттың растығына көз жеткізу үшін, қажетті күш салып, материалдық шығын сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікке шығын алып келіп, басқарушы органдар мен халықтың қалыпты  жағдайын бұзған. №102-ге Ақтөбе облыстық ІІД-не, қоңырау шалып, «Мега-Актобе» сауда ойын-сауық кешенінде» бомба қойылды деп хабарлаған.

Соттың үкімімен аз.Д. ҚР ҚК-нің 242 бабымен айып тағылып, оған 3 (үш) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі