Тіркеусіз жолаушылар тасымалдаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463 бабының 1-бөлімімен (тіркеу, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, хабарлама жібермей қызметпен айналысу) азамат Н-ға қатысты іс қаралды, іс бойынша ол мемлекеттік кірістер органдарына арнайы тіркелмей, белгілі бір ақыға жолаушылар тасып, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 46 бабының талаптарын бұзған.

Сот қаулысымен азамат Н. әрекеті үшін кінәлі деп танылып, құқық бұзушылық құралы тәркіленбей, 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 31815 теңге айыппұл жазасына тартылды.

 Сот қаулысы күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі