Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР АІЖК-нің  49 бабына сәйкес тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен  аяқтай алады. ҚР АІЖК-нің 247 бабы 4-1 тармағының негізінде  сәйкес тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы  келісім жасаса және оны сот бекітсе іс қысқартылады.

Ырғыз аудандық сотында талапкер Б. жауапкер Ж. қарыз ақшасын және мемлекеттік бажды қайтару туралы азаматтық іс қаралды. Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы    келісімге қол жеткізіп, жауапкер  Ж. 25000 көлеміндегі қарыз ақшасын және 250 теңге мемлекеттік бажды  2014 жылдың 1 қазанына дейін қайтаратын болып келісіп, соттан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, істі қысқартуды сұрады. Сот медиация тәртібімен реттелген бітімгершілік келісім бекітілуге жатады деп санады, себебі, бұл іс-әрекет заңға қайшы келмейді және басқа біреулердің құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ, заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайды. Сот ұйғарымымен медиация тәртібімен реттелген бітімгершілік келісім бекітіліп, іс қысқартылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.              

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі