Мұғалжар аудандық сотында «Сот кабинеті» порталы арқылы арыз беру тәртібі және мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру тақырыпта дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 04 шілдеде Мұғалжар аудандық сотының оқу залында «Сот кабинеті» порталы арқылы арыз беру тәртібі» атты тақырыпта дөңгелек үстел  және  «Мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру» атты тақырыптарда  семинар өтті.

Аталған іс-шараға судья А.Е.Мусина, кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Е.Шонкина, «Мұғалжар ауданды бойынша салық басқармасы» ММ-нің А.Кобланова, қорғаушы А.Б.Егізбаев, «Коммуналшы» КМК-нің өкілі А.Ж.Құлжанова, жеке кәсіпкер Э.Б.Каналина, «Жамар и Я» ЖШС-нің өкілі Н.Жанұзақова және сот мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Шонкина қатысушыларға «Сот кабинеті» порталы арқылы арыз, талап арыз, сот мәжілісінің хаттамасының көшірмесін беру және сот мәжілісінің хаттамасына ескертпе беру тәртібін түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, семинар барысында К.Килбаеваның сотқа жүгіну кезінде мемлекеттік тілді қолданудың маңыздылығы туралы баяндамасы тыңдалды. Қатысушыларға жұмыста мемлекеттік тілді дамыту жолдары талқыланды.

Дөңгелек үстелді корытындылай келгенде судья А.Е.Мусина қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғысын білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі