Қылмыстық іс медиация тәртібімен қылқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Медиация – бұл бейтарап тұлға - медиатордың қатысуымен дауласушы тараптардың өзара ортақ ерікті келісімге келіп, дауды шешу туралы шарт жасасу процедурасы. Бүгінгі күні көптеген азаматтардың азаматтық дауларды ғана емес, сонымен қатар қылмыстық істер бойынша да медиаторларға жүгінетіні қуантады.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен азамат И.-ді ҚР ҚК-нің 136-бабының 1-бөлігімен жеке айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Жеке айыптаушы М. сотқа шағым беріп, онда айыпталушымен 1995 жылдан бастап заңды некеде болғанын,  некеден араларында 1996 жылы дүниеге келген Арайлым есімді қызы бар екенін, 1997 жылғы сот бұйрығымен айыпталушыдан өзінің пайдасына ¼ бөлігі мөлшерде қызын асырау үшін алимент өндірілгенін, И. алимент уақытылы төлеу жөнінде бірнеше рет ескертілгенін, алайда осы күнге дейін нәтиже шығармай алимент төлеуден жалтарып жүргенін,  алиментке бережағы 646455 теңгені құрайтынын айтып,  жеке айыптау бойынша шағымын сот өндірісіне қабылдап, И-ді ҚР ҚК-нің 136 бабы 1 бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған.

Сот мәжілісінде жәбірленуші М. өтініш етіп, ол бойынша сотталушы И.-мен өзара медиация тәртібімен келісіп татуласқанын, сондықтан жеке айыптаудан бас тартып, қылмыстық істі қысқартуды сұрады және бұл жайында сотқа жазбаша өтінішін және «Біртұтас Медиация және Келісімге Келтіру» Орталығынан С.Ш.Тулькубаеваны медиатор ретінде тартуымен, медиация рәсімін өткізу нәтижесіндегі қос жақпен жеткен келісімдерін тапсырды.

Өз тарапынан сотталушы И. сот мәжілісінде жәбірленуші М.-мен медиация тәртібімен татуласқандарын және іс бойынша өз кінәсін толығымен мойындап, іс-әрекеттеріне өкініш білдіріп, сот алдында кешірім сұрап, өздері жөніндегі қылмыстық істі қысқартуды өтініш етті.

Істің мән-жайларын, сондай-ақ, тараптардың өтініштері бойынша пікірлерін тыңдап, сот И.-ге қатысты  жеке айыптау бойынша ҚР ҚК-нің 136 бабының 1 бөлігімен  қылмыстық істі жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына және медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндірістен қысқартты.

 Қаулы заңды күшіне інде

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі