Қоғамдық жұмысқа тартылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотының өндірісінде ҚР ҚК-нің  175 бабының 1 бөлімімен сотқа берілген аз.Г. деген азаматшаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына қарағанда:  2014 жылы 03 маусым, шамамен сағат 13.30-да, Ақтөбе қаласында, Ағайынды Жұбановтар көшесінде үйді  жалға алып отырған аз.Г. бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында, үйде адамның жоқтығын пайдаланып, жәбірленуші А. бөлмесіне кіріп, оның шкафынан 5 000 теңге тұратын ақ және қара сөмкесін, «Labi» фирмалы, 11 000 теңге тұратын  теңге тұратын қызғылт көйлегін, «Favori» фирмалы, 9 500 теңге тұратын қоңыр түсті көйлегін,  «Mango» фирмалы, 13 000 теңге тұратын көк түсті шалбарын, «Miss Poem» фирмалы, 6 500 теңге тұратын қоңыр түсті кофтасын, «MNG Collection» фирмалы, 7 000 теңге тұратын көк түсті юбкасын, 5 500 теңге тұратын көк түсті лосинасын, «Gucci» фирмалы, 22 000 теңге тұратын француз әтірін, «Versus» фирмалы, 17 000 теңге тұратын француз әтірін, «Jada» фирмалы, 5 500 теңге тұратын көз бояғышын, «Oriflame» фирмалы, кірпік бояғышын, «Burjua» фирмалы, 1 000 теңге тұратын карандашын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Қылмыстық іс-әрекетінің салдарынан аз.Г. жәбірленуші аз.А. 117 000 теңге материалдық зиян келтірген.

Сот үкімімен аз.Г. ҚР ҚК-нің 175 бабының 1 бөлімімен кінәлі деп танылып, оған 200 (екі жүз) сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.   

 Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі