Қобда аудандық сотында судьялар арасында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотында «Жаңа басылымдағы АІЖК бойынша іс жүргізу мерзімдері» тақырыбына судьялар арасында семинар өткізілді.

Сот төрағасы А.Анарбаев семинарды ашып,  қарау мерзімдерін сақтауға және сот актілерінің заңды күшіне ену мерзімдерін қатаң қадағалауға назарларын аударды.

Азаматтық істерді қарау барысында іс жүргізу мерзімдері бойынша баяндамамен судья Ш.Есжанова сөз сөйледі. Судья іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы мен саналуы туралы, іс жүргізу мерзімді өткізіп алу салдарын, іс жүргізу мерзімдерін тоқтату, ұзарту және қайта қалпына келтіру жөнінде толық баяндап өтті.

Сонында баяндамашы, азаматтық іс жүргізу кодексімен іс жүргізу әрекетін жасау үшін мерзім анықталмаған жағдайда ол сотпен тағайындалатынын белгілеп өтті. Іс жүргізу әрекетін жасау үшін сотпен тағайындалған іс жүргізу мерзімі парасатты және жеткілікті болуы тиіс.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі