Қобда аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қобда аудандық сотында Елбасы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыратын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына арналған баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасы А.Т.Анарбаев  «Қобда» газетінің журналистімен кездесу барысында мемлекетіміздің сот жүйесін одан әрі жаңғырту мен жетілдіру жөніндегі мәселелері қозғалған, заңның ұлықтылығын қамтамасыз ететін бес нақты реформаның екінші институционалдық реформасының жүзеге асырылуы жайында айтты.  

Сондай-ақ, судья лауазымына кадрларды іріктеудің жаңа жүйесі, сот төрелігінің үш сатылы жүйеге өтуі, Астана қаласында Халықаралық Арбитраждық сотын құру мәселелері жайында сот төрағасы айтып өтті.  

Сот төрағаның айтуынша, ауқымды мемлекеттік жобаны сәтті жүзеге асыруға бүкіл сот корпусының құқықтық және әкімшілік мүмкіндігі мол.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі