Әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының Темір аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы  А. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Шұбарқұдық селосы, Ш.Берсеев көшесінде орналасқан А. дүкеніне аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерімен тақырыптық тексеру жүргізіліп, тексеру кезінде дүкенде сату үшін сақтауда тұрған  алкоголь өнімдері табылып, сондай-ақ  құқық бұзушы А. алкоголь өнімдерін бөлшек сатуға мемлекеттік лицензиясының жоқтығы және қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеуге тұрмағандығы анықталған.

Құқықбұзушы А. іс әрекеті Қазақстан Республикасының ӘҚБтК--нің 463-бабының 1-бөлігімен дұрыс дәрежеленген, яғни тіркеу, рұқсат беру міндетті болған жағдайларда, тіркеусіз, рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан, бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған.

Сот қаулысымен  құқықбұзушы А. 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 53 025 теңге  әкімшілік айыппұл салынып, алкоголь өнімдері тәркіленді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі