Қайталанған құқық бұзушылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 336-4 бабының 2 бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған Р. есімді азаматшаға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

2013 жылдың 31 тамызында азаматша Р. ҚР ӘҚБтК-нің 336-4 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілген.

Бирақ оған қарамастан әкімшілік жазаға тартылса да, құқық бұзушының  кәмелетке толмаған баласы  А. 2014 жылғы 26 маусымда сағат 23.10 шамасында заңды уәкілсіз көшеде жүргенде полиция қызметкерлерімен ұсталды. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 336-4 бабының 2 бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы А. өзінің кінәсін толығымен мойындап, жасағанына өкінді.       

Сот, құқық бұзушының жауабын тыңдап, табыс етілген дәлелдемелерді зерттеп, прокурордың қорытындысын тыңдап, құқық бұзушы Р.-ге  9260 тенге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі