Хромтау аудандық сотында қоғамдық қызығушылық туғызған қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 01 тамызында Хромтау аудандық сотында қоғамдық қызығушылық туғызған  қылмыстық іс  бойынша  ТВком «Пульс» телеарнасының өкілі Г.Култаеваның және «Хромтау» жергілікті баспасөзінің өкілі А.Қожантаевтың қатысуыларымен брифинг өткізілді.

 П.Казмухамедов ҚР ҚК 24бабының3бөлігі-177бабының3бөлігінің «г» тармағы бойынша мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам болып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы, өз қызмет бабын пайдаланумен бөтен мүлікті ұрлау үшін қастандық жасаған.  

2014 жылдың шілде айының 28-ші жұлдызында Хромтау аудандық сотында ҚР КК-нің 24 бабының 3 бөлімі – 177 бабының 3 бөлімі «Г» тармағымен 1980 жылы Ақтөбе облысы Хромтау қаласына туылған П.Казмухамедовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық істің мәні бойынша, П.Казмухамедов мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам болып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы, өз қызмет бабын пайдаланумен бөтен мүлікті ұрлау үшін қастандық жасаған, яғни бөтен мүлiктi алдау арқылы ұрлаған, сөйтіп азамат А.Порохтан Хромтау аудандық ІІБ-ң өндірісіндегі тергеу тексерістенгі материал бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 185000 тенге ақшалай қаражат өзіне алып, өзінің қызметтік функцияларына жатпайтын әрекеттер жасаған, бірақ қылмыс оған байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеді.

Сот мәжілісінде сотталушы П.Казмухамедов өзіне ҚР КК-нің 24 бабының 3 бөлімі – 177 бабының 3 бөлімі «Г» тармағымен тағылған айыпты толық мойындап, түсініктеме беруден бас тартқан.

Сот П.Казмухамедовты ҚР ҚК-нің 24 бабының 3 бөлімі – 177 бабының 3 бөлімінің «Г» тармағамымен кінәлі деп тауып, 3 (үш) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуін, мүлкілері тәркеленуін тағайындады.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі