Дипломмен ауылға

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотымен 2014 жылдың 07 тамыз күні  Қобда ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің жауапкер аз.С-тан көтерме жәрдемақыны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер Қобда ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 Қаулысына сәйкес «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жауапкер аз.С. 2009 жылы Қобда орыс мектебіне информатика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. 2010 жылдың тамыз айының 01 күнгі аудан әкімдігінің қаулысына сай жауапкер аз.С. бюджеттен көтерме жәрдемақыны алу туралы келісім  шартын жасасып, тиісті шотқа 98 910 теңге аударылды. Келісім шартқа сай жауапкер аз.С. аталған мектебінде мұғалім болып кемінде бес жыл жұмыс істеу керек болатын, келісім шарт бұзылған жағдайда бюджеттік несие толығымен бюджетке қайтарылуға тиіс. Жауапкер аз.С. үш жыл жұмыс жасап, өз еркімен жұмыстан шығып кеткен.

Жауапкер келісім шартқа сай тағайындалған бюджеттік несие бойынша төлем ақыны әр айдың тиісті мерзімінде төлеуге міндеттеме берген. Алайда, жауапкер аталған шарттағы өзіне алған міндеттемені осы уақытқа дейін орындамаған. Сол себептен талапкер   жауапкерден   98910 теңге көтерме жәрдемақыны өндіруді сұрады.

Сот  талап арызды толығымен қанағаттандырды.

Шешім  заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі