Баланың тұрғылықты жерін анықтау ісі медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

 Азаматтық іс материалдарына сәйкес талапкер  Н. жауапкер Г-ға кәмелетке толмаған А есімді баласының тұрғылықты жерін анықтау   туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

2004 жылғы сот шешімімен талапкер Н. кәмелетке толмаған баласымен жетісіне бір рет кездесу уақыты белгіленген.

Алайда 2005 жылы  жауапкер Г.-ның жаңа отбасын құруына байланысты, кәмелетке толмаған баласын талапкер  Н.-ның тәрбиесінде қалуға өзара келіскен. 

Сот отырысында тараптардан азаматтық іс бойынша медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекіту туралы өтініш түсті, оның шарттары бойынша жауапкер Г. баласының тұрғылықты жерін   әкесімен анықтауға келісті.

Сот тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы ортақ келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді қысқартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі