Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «КТГ» АҚ-ы «АЖ» ЖШС-нен қарыз соманы және айыппұл өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.  

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, «КТГ» АҚ-ы «АЖ» ЖШС-і арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін көрсете отырып, тауарлық газды бөлшек саудада сату туралы келісім шарты құрылған.

2016 жылдың 05 қаңтарында құрылған негізгі келісім шартына жалғанған қосымша келісім шарттың нәніне сәйкес, жеткізілген газ күйіндегі тауар тараптармен бекітілген түріндегі кестеге сәйкес жүргізілуін көрсеткен.

Сот отырысында тараптардан бітімгершілік келісім бекіту туралы өтініш жолдады.

Сот ұйғарымымен «КТГ» АҚ-ы мен «АЖ» ЖШС арасында бітімгершілік келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірісі қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі