Алға аудандық сотында «Сот кабинеті» және «Медиация туралы ҚР Заңының қолданылуы» тақырыпта дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 14 тамызда «Медиация туралы ҚР  Заңының қолданылуы», «Сот кабинеті» тақырыптарына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысында  аудандық соттың судьялары, мемлекеттік органдар мен мекемелердің және коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында аудандық соттың төрағасы м.а. Ж.А.Сұлтанова, судьялар Н.С.Биханова, Ж.С.Исаналина, кеңсе меңгерушісі Р.С.Ташева дөңгелек үстел тақырыптарына сай баяндамалар оқыды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар отырыста «Медиация туралы ҚР  Заңының қолданылуы» және  «Сот кабинеті» тақырыптары бойынша өз пікірлері мен көзқарастарын айтып, сондай-ақ сұрақтар қойып, қызу талқылады.  «Сот кабинеті»   сот органдарының сервисіне электронды түрде қолжетімді біртұтас терезе екні және бұл жоба сот өндірісінің қызметін жеңілдетуге, сондай-ақ азаматтардың уақыты мен қаржысын, бюджет қаражатын үнемдеуге, сонымен қатар, сот жүйесінің жеделдігін, азаматтардың сот ақпаратына қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Дөңгелек үстел барысында кеңсе меңгерушісі Р.С.Ташева «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің мүмкіндіктерін,  сервис арқылы талап арыздарды беру, хаттамаға электронды ескертулер беру, электронды өтініш беру, сот отырысының хаттамасымен танысуға өтініш  беру сынды сот жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін көрсету  түсіндіріп, бейненұсқаулықты  көрсетті.                                      

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі