Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызметтік қажеттілікке байланысты жәнеде қосымша судьямен хатшы штат саны көбеуіне қатысты, сонымен бірге мұрағат қоймасының көлемі жетіспеуіне, 2014 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қамтамасыз ету Департаментімен Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша қаражат бөлінді. Өткізілген аукцион нәтижесінде жеңімпаз «Кемер Құрылыс» ЖСШ-і болып аталды. Аталған ұйыммен сметалық құжаттамаға сәйкес келесідей жұмыстар атқарылды: яғни жаңадан тағайындалған судьяларға және мамандарға кабинеттерді кайта жоспарлау жұмыстарын өткізу, ішкі әрлеу жұмыстарын өткізу, еден тұтастырғысы, ламинатпен шынатас плиткасын қалау, жаңа есіктерді қондыру және тағы басқа құрылыс жұмыстары.

Өткізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде сот мәжілісі залдарының, судьялар мен мәжіліс хатшыларының және істерді сақтауға арналған мұрағат бөлмелерінің саны артты. Сот әділдігін сапалы және тиісті деңгейде жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қамтамасыз ету Департаменті Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жаңа  кеңсе жиhаздармен, компьютерлер және жаңа КФҚ мен сканерлер бөлініп берілді.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі