Актобе облыстық сотымен «Сот кабинетін» түсіндеру шығу іс- шаралары өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

14 тамыз 2014 жылы Ақтөбе облыстық сотының бақылау және құжатайналым бөлімінің бас-маманы Н.Макаровамен ҚР ЖС-ның 2014 жылғы 08 тамыздағы №16-6/6072 хаты негізінде  "Сот кабинеті" сервисін  түсіндіру жұмыстары келесі мекемелер бойынша  ұйымдастырылып жүзеге асырылды: «Ақтөбе қаласының Салық Басқармасы» ММ, «Сот актілерін орындау Департаменті» ММ, Ақтөбе облысы бойынша жеке сот орындаушылар өңірлік алқасы, «Қазақтелеком»АҚ,  «Ақтөбеэнергоснаб» АҚ, «Ақбұлақ» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ АФ.

Аталған мекемелердің басшылары мен қызметкерлеріне «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бейнеролик  пен үлестірме материалдар және туындаған сұрақтарға жауап беру арқылы толық мәлімет берілді.

Сонымен қатар 15 тамыз 2014 жылы шығу іс-шаралары  «Трансэнерго» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ АФ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ларына бару арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу жоспарланды.

Сонымен бірге осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігі үшін  аудандық соттардың қызметкерлерімен де ірі мекемелерге бару арқылы түсіндірме жұмыстары жүзеге асырылады. Ол туралы қосымша хабарланатын болады.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі