Ақтөбе қалалық сотында электрондық ақпараттық сервис «Сот кабинеті» тақырыпта дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе қалалық сотында электрондық ақпараттық сервис «Сот кабинеті» - тақырыбында дөнгелек үстел өтті.

Аталған іс-шарада Ақтөбе қалалық сотының судьялары және  заңды тұлға өкілдерімен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі - бүгінгі таңдағы сот жүйесінің басты жаңалықтарының бірі.

Сонымен, айтылғандарды қорытынждылай келе, «Сот кабинетін» қолдану - сот жүйесінің халыққа барынша қолжетімді болуына үлкен септігін тигізед және азаматтардың уақыты мен қаржысын, бюджет қаржысын үнемдейді.

Қазіргі заманғы жаңа технологияны сот жүйесіне енгізу, оны кеңінен халыққа түсіндіру арқылы қолдану соттағы іс жүргізуді жеңілдетеді, бюрократтық кедергілерді жояды, сотқа құжат тапсыру үшін ұзақ кезекке тұруды азайтады, сот жүйесінің қызметкерлері мен адамдар арасындағы құжаттарды қолма-қол алу, беру секілді тікелей қарым-қатынасты мейлінше азайтады.

Ақтөбе қалалық сотының судьялары кездесуде заңды тұлға өкілдерімен және БАҚ өкілдерінің сұрақтарына аталған тақырыпты талқыға салып, аталмыш тақырып бойынша туындаған сұрақтарға жауап берді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі