10 жылға көлік құралын басқару құқығынан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 467 бабы 5 бөлігіне  сай әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасына сай, Мәртөк ауылында 21.07.2014 жылы сағат 21-20 шамасында құқық бұзушы аз.А. мас күйінде өзінің жеке көлігін басқарған. Бұрын 25.12.2008 жылы құқық бұзушы Мәртөк аудандық сотпен ҚР ӘҚБтК-нің 467 бабы 4 бөлігіне сай көлік құралын басқару құқығынан 5 жылға айырылған еді, сонымен ҚР ӘҚБтК-нің 467 бабы 5 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылық жасаған.            

Құқық бұзушының түсініктемесіне сай, 21 шілде 2014 жылы  ол балық  аулауға барған, сол кезде спирт ішімдік ішкен, балық аулаудан қайтарда жол полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұсталынды.

Сот құқық бұзушы аз.А-ны 30 тәулікке әкімшілік қамауға алған және көлік басқару құқығынан 10 жылға айырылған.

Сот қаулысы  заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі